АЗАН ШАҚЫРЫП АТ ҚОЮ ПАРЫЗ БА?
Ассаламуғалейкум уа рахматуллаhи уа баракатyh!
Менің кішкентайым бар, туылғанына сегіз ай болды, бірақ атын азан шақырып қоймадық. Енді азан шақырып, қайта қоюыма бола ма әлде кеш қалдым ба? Жалпы азан шакырып ат қою парыз ба?
Уағалейкум ассалам уа рахматуллаhи уа баракатyh!
Қазақта «азан шақырып қойған атым» деген тіркес бар. Бұл осы сүннеттің салтымызға сіңіп кеткендігін көрсетсе керек.
Туылған баланың оң құлағына азан, ал сол құлағына қамат айту сүннет амал. Мұны, баланың әкесі, атасы немесе ізгі адам орындағаны жөн1.
Құндақтағы бала құлағына азан шақырудың да өзіндік сыры бар. Нәрестенің ең алғаш естіген сөздері Жаратушының есімі болуымен қатар оның дүние есігін ашқанын білдіру.
Сондай-ақ,
🌺Пайғамбарымыз🌺 МҰХАММЕД МҰСТАФАﷺ:(оған
🍃АЛЛАНЫҢ🍃игілігі мен сəлемі болсын) немересі Хусайн бин Әлиден ﴾رضي الله عنه﴿: «Туылған баланың оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтса, ол балаға Үмму Сибианның (нәрселерге маза бермеуші жын-шайтан) зияны тимейді2»,-деген хадис риуаят етілген.
Хадисте айтылғандай азан сөздерінен жын-шайтан қашатыны мәлім болды. Ал, бала туылғанда оны шайтан мазалайтындығы жайлы
🌺Пайғамбарымыз🌺 МҰХАММЕД МҰСТАФАﷺ:(оған
🍃АЛЛАНЫҢ🍃игілігі мен сəлемі болсын): «Мәриям және оның ұлынан басқа, әрбір балаға туылған сәтте шайтан тиіседі. Шайтан тиіскенде бала шырылдай бастайды.3»,-деген.
Ал, Мәриям ана мен оның ұлы Иса (ғалейhиссəлəм) пайғамбар дүниеге келгенде шайтан тиіспегендігі жөнінде ҚҰРАН КƏРІМДЕ Имранның әйелі қыз босанған сәтте: «...Мен оның атын Мәриям қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын4»,-деп дұға жасаған баяндалған.
Сондықтан, бала құлағына азан шақырылса, ұйқысы тыныш болады. Бірақ, балаға азан шақыру парыз емес. Айтпағымыз, міндетті амалға жатпайды.
1 Фиқһ Уадих, 2-том, 470-бет
2 Ибн Сунни
3 Тафсир Ибн Касир, 1-том, 336-бет
4 Әли Ғимран, 36-аят